22.04.2014, 20:23 3117

Сенат Бюросы алда болатын отырыстың күн тәртібін қарады

Бюро мүшелері алдағы 24 сәуір күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін қарады. Палата отырысына төрт мәселені шығару жоспарланып отыр, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan today. Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Бюро отырысы болды.

Бюро мүшелері алдағы 24 сәуір күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін қарады. Палата отырысына төрт мәселені шығару жоспарланып отыр, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, сенаторлар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (бірінші оқылым) заң жобаларын қарайды. Бұл заң жобаларын Мемлекет басшысы Н.Назарбаев шұғыл қаралуы қажеттігі туралы жариялаған болатын.

Одан басқа, Сенат жалпы отырыста Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы және Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімнің күшін жою туралы заң жобаларын қарайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны