08.04.2014, 20:15 3272

Сенат Бюросының мүшелері Палата отырысының күн тәртібін талқылады

Бюро мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын халықаралық парламенттік ұйымдарға және Парламент Сенатының шет мемлекеттердің парламенттерімен өңірлік ынтымақтастық топтарына жіберу жөніндегі ұсыныстарын қарады және мақұлдады.

Алматы. 8 сәуір. Kazakhstan today. Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының отырысы болды.

Бюро мүшелері Палатаның алдағы 10 сәуірде болатын отырысының күн тәртібін қарады, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады. Отырыста, атап айтқанда, 1999 жылғы 3 желтоқсанда Пекинде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына Түзетулерді ратификациялау туралы және Қазақстан мен Қытай арасындағы Қорғас өзенінде "Достық" ортақ бірлескен су торабын салудағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобалары қаралатын болды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгеріс енгізу туралы заң жобасын (бірінші оқылымда) қара жоспарлануда.

Бюрода Мәжілісте мақұлданған заң жобаларына Сенаттың бас комитеттері белгіленді. Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетіне Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тәртібі туралы келісімнің күшін жою туралы заң жобасы берілді. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы берілді.

Бюро мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын халықаралық парламенттік ұйымдарға және Парламент Сенатының шет мемлекеттердің парламенттерімен өңірлік ынтымақтастық топтарына жіберу жөніндегі ұсыныстарын қарады және мақұлдады.

Отырыс барысында Сенат Аппаратының Басшысы Александр Судьин Аппараттың 2014 жылғы бірінші тоқсаны жұмысының қорытындылары бойынша хабардар етті.

Кездесу соңында Сенат Төрағасы, "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі Қ.Тоқаев бірқатар сенаторларға - партия мүшелеріне жаңа үлгідегі партия билеттерін табыс етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны