24.09.2008, 18:21 2950

Сенат бюросының отырысында ертеңгі жалпы отырыстың күн тәртібі белгіленді

Сенат бюросының отырысында ертеңгі жалпы отырыстың күн тәртібі белгіленді

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған сенат бюросының отырысында парламент мәжілісі мақұлдаған заң жобалары палата комитеттеріне бөлініп берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бюро отырысында "2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы", "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару жүйесін құру туралы келісімді ратификациялау туралы", "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы", "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Солтүстік Атлантикалық Альянс арасындағы ұйым байланыс офицерінің Қазақстан Республикасында болу және қызмет ету шарттары туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы" заң жобалары Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне зерделеуге берілді.

Бюро сондай-ақ палатаның 25 қыркүйекте болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібін белгілеу туралы комитеттердің ұсыныстарын қарады.

Депутаттардың талқылауына "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары бірінші оқылымда, сондай-ақ "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы ұсынылатын болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны