28.06.2007, 11:36 2659

Сенат бұған дейін қабылданған "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" заңға қатысты президенттің қарсылығымен келісті

АСТАНА. 28 июня. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" заңға қатысты президенттің қарсылығымен келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мемлекет басшысы бұл заңдағы Қазақстанның ішкі нарығында өндіріліп сатылып жатқан жоғары және бірінші сортты бидай ұнын міндетті түрде байытуды (фортификациялауды) қарастыратын 14-бабының 2-тармағына қатысты қарсылық білдірген болатын. "Бұл талап тұтынушыларды байытылған немесе байытылмаған ұн өнімдерін тұтыну мүмкіндігін таңдау құқығынан айырады. Байытылған ұнды тұтыну осындай өнімді тұтынуға тыйым салынған халықтың белгілі бір бөлігінің денсаулығына кері әсер етуі мүмкін", -делінген президенттің қарсылығын қараған сенаттың аймақтық және салалық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Бұл норманы жүзеге асыру бұған қоса тиісті технологиялық мүмкіндіктері жоқ орта және шағын қуатты ұн өндіруші кәсіпорындардың жабылуына алып келуі ықтимал", - делінген қорытындыда.

Осыған байланысты комитет мемлекет басшысының қарсылығымен келісуді және заңнан 14-баптың 2-тармағын алып тастауды ұсынды. Сенат депутаттары комитеттің шешімін мақұлдады.

Заң енгізілген түзетулерді ескере отырып қайтадан мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны