11.01.2007, 14:42 3660

Сенат депутаттары Еңбек кодексінің жобасын мәжіліске қайтарды

АСТАНА. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар Еңбек Кодексінің жобасын екінші оқылымда қарап, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізіп мәжіліске қайтарды ,-деп хабаралайды Kazakhstan today агенттігі.

"Еңбек кодексінің жобасы еңбек саласындағы қарым-қатынастарды реттеу бойынша біртұтас заңнамалық акт қабылдау, сондай-ақ, Қазақстанның еңбек заңнамасын халықаралық нормалармен және стандарттармен сәйкестендіре біріздендіру мақсатымен жасалған",- делінген сенаттың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысында.

Қорытындыда атап көрсетілгеніндей, Еңбек кодексінің жобасы бұған дейін сенатта алғашқы оқылымда мақұлданған.

Жобаны екінші оқылымға дайындау үшін жетілдіру жұмыстарының барысында бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атап айтсақ, қорытындыда атап көрсетілгеніндей, "жұмыскерлердің мүддесін қорғау мақсатымен жобаға толықтыру енгізіліп, соған сәйкес қызметкерге екі жыл қатарынан еңбек демалысын бермей қоюға тыйым салынды".

"Еңбекақы төлеу жүйесін заң жүзінде реттеу тетіктері толықтырылып, Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" заңымен жыл сайын бекітілетін ең төменгі айлық жалақы көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болуға тиіс емес деген норма енгізілді",- делінген қорытындыда.

"Заң жобасы, сондай-ақ, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік талаптары айқындалған жаңа баппен толықтырылды",- делінген қорытындыда.

Сонымен қатар бүгін сенат депутаттары "Еңбекті реттеу мәселелеріне қатысты заңдық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасын да екінші оқылымда қарап, толықтыру үшін мәжіліске қайтарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны