12.04.2007, 13:47 3242

Сенат депутаттары Еңбек кодексінің жобасын мәжіліске тағы да қайтарды

АСТАНА. 12-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар Еңбек Кодексінің жобасын келісім комиссиясының қорытындысымен қоса мәжіліске қайтарды ,-деп хабаралайды Kazakhstan today агенттігі.

"Еңбек кодексінің жобасы еңбек саласындағы қарым-қатынастарды реттеу бойынша біртұтас заңнамалық акт қабылдау, сондай-ақ, Қазақстанның еңбек заңнамасын халықаралық нормалармен және стандарттармен сәйкестендіре біріздендіру мақсатымен жасалған",- делінген сенаттың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысында.

Еңбек кодексінің жобасы бойынша келісу процедуралары 2007-жылдың қаңтар айының аяғында басталып, сол кезде сенаторлар тарапынан енгізілген түзетулерге қатысты палаталар арасында туындаған келіспеушілікті еңсеру үшін келісім комиссиясы құрылған. Келісім комиссиясы ұсынған бірқатар шешімдерге мәжіліс депутаттары қарсы.

Бүгін мәжілістің қаулысын қараған сенат шешімнің жекелеген бөлімдерін қолдамай тастады. Бірақ сенат депутаттары келісім комиссиясының шешімін қолдап отыр.

Жұмысшылар өкілдерінің еңбек қарым-қатынасының барлық салаларына атсалысыуына қатысты нормалар палаталардың арасындағы келіспеушілікке түрткі болып отыр.

Еңбек кодексінің жобасы еңбек дауларын екі деңгейде шешуге мүмкіндік береді. Оның бірі- келісім комиссиясы болса, екіншісі еңбек арбитражы немесе сот орындары болмақ. Құжатта жұмыс беруші мен жұмысшылардың еңбек келісімшарттарына өзгеріс енгізу мүмкіндіктері қарастырылған. Олар -қызметкерлерді аттестациядан өткізу, оқуға бару үшін демалыс алу және кәсіби деңгейін көтеру, сонымен қатар, (Қазақстанның ДСҰ енуіне байланысты) бәсекелестік етпеу туралы жайт. Сондай-ақ, еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мақсатымен жобада жартылай еңбекпен қамтамасыз ету, жұмысынан айырылып қалған жайда өтемақы алу және жұмысқа сағатпен жалдану сияқты жайттар қарастырылған.

Сонымен қатар, құжатта еңбек өнімділігін арттыру мақсатымен жұмысшылар мен жұмыс берушілерді ынталандыру еңбек қатынастарын заңдастыру реттері де көрініс тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны