06.09.2006, 14:28 3031

Сенат депутаттары ҚР ҰҚК-інде лаңкестік, экстремизм және есірткі саудасына тосқауыл қою мәселелерін талқылады

АСТАНА. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетіне енетін бір топ депутат Ұлттық қауіпсіздік комитетінде болып, лаңкестік, экстремизм және есірткі саудасына тосқауыл қою мәселелерін талқылады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұған қоса экономикалық қауіпсіздікті қорғау, мемлекеттік шекараны жайластыру мәселелері талқыланды.

ҰҚК-нің төрағасы Амангелді Шабдарбаев сенаттың салалық комитетінің мүшелеріне президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауының аясында ҰҚК органдарының басымдық берілген іс-қызметінің бағыттары туралы әңгімелеп берді.

Сонымен бірге кездесуге қатысушылар арнаулы қызметтің жұмысына парламент тарапынан бақылау қою шеңберінде жұмыс бабындағы байланыстарды нығайту үшін пікір білдірді. Сенатшылар ҰҚК-нің басшылығы тарапынан еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұруға бағытталған шараларға оң баға берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны