22.05.2008, 10:51 1290

Сенат депутаттары Трансферттік бағаларды пайдаланудағы мемлекеттік бақылау туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенат депутаттары Трансферттік бағаларды пайдаланудағы мемлекеттік бақылау туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Астана. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Трансферттік бағаларды пайдаланудағы мемлекеттік бақылау туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліке қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "бұл заң жобасы қолданыстағы заңдағы кемшіліктерді жояды және халықаралық стандарттарға сай келумен бірге, трансферттік баға белгілеуге қойылатын бақылауды жетілдіруге бағытталған", - деп мәлімдеді заң жобасын депутаттарға таныстырған қаржы министрі Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, заң жобасында өзара байланысты тараптар арасындағы сауда-саттық шарттарын өзара тәуелсіз тараптар арасындағы сауда-саттық шарттарымен салыстыру негізінде нарықтық бағаны айқындауда қолданылатын "жайылған қол" принципін енгізу" қарастырылған.

"Бұл халықаралық тәжірибедегі аса маңызды принцип болып табылады, өйткені, енді уәкілетті органдар сауда-саттықтың барлық қырларын талдауға тиіс болмақ", -деді Б. Жәмішев.

Министрдің айтуынша, "заң жобасының жаңа тұжырымдамасы сауда-саттық бағасының нарықтық бағадан қандайбір шектеулі шамада ауытқуын қарастырмайды. Бірақ бұл топқа ауылшаруашылығы өнімдері енгізілмейді, олар үшін заң жобасында он пайыздық дәліз қарастырылған".

"Пайданың қайта бөлінісін және капиталдың сыртқа кетуін шектеу мақсатында салық жеңілдіктері белгіленген мемлекеттерде тіркелген сауда-саттық қатысушыларына қатысты қадағалауды күшейту көзделген", - деді Б. Жәмішев.

Қаржы министрі "заң жобасын қабылдау сауда-саттыққа қатысушылардың құқығын қорғау және халықаралық іскерлік операциялар кезінде мемлекеттік кірістен қағылу мүмкіндігінің алдын алу үшін трансферттік бағаларды пайдалануға қойылатын бақылауды жетілдіруге септігін тигізбек".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны