02.06.2009, 19:10 3626

Сенат депутаттары Ұлттық медициналық холдингте болды

Сенат депутаттары Ұлттық медициналық холдингте болды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенаттың Илеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ахан Бижанов бастаған сенат депутаттары бүгін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасын қарау аясында Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған Ұлттық медициналық холдингте болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуді аша келіп А.Бижанов сапа мен қауіпсіздіктің осы заманғы талаптарына жауап бере алатын дәрігерлік қызмет көрсетудің стандарттарын арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі холдингтің маңызды ролін атап өтті.

"Холдингтің құрылуы саланы дамытудың заңды сатысы болып табылады, осы жобаның табысты жүзеге асырылуы Қазақстан денсаулық сақтау ісінің тиімді әрі бәсекеге қабілетті болуына тікелей байланысты",-деді сенатор.

А.Бижановтың айтуынша, депутаттар денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіруге қажетті құқықтық негізді қалыптастыру үшін барлық күш-жігерін салатын болады.

Депутаттарды холдинг қызметімен таныстырған холдинг басқармасының төрағасы А.Шарман мекеме алдындағы міндеттер мен мақсаттар туралы әңгімеледі.

Пікір алысу барысында шетелдік мамандарды тартуға, орта буындағы дәрігер қызметкерлердің еңбекақысына, мамандар саясатына, аймақтық құрылымдарды қалыптастыруға, университет емханаларын құруға қатысты депутаттардың сауалдарына денсаулық сақтау министрінің орынбасары Т.Вощенкова мен холдинг басқармасының басшысы А.Шарман жауап берді.

Талқылау нәтижелерін қорытындылай келіп А.Бижанов айтылған пікірлер мен ұсыныстар Кодекс жобасын парламент сенатында қарау барысында ескерілетінін жеткізді.

Бүгінде Ұлттық медициналық холдингтің құрамына алты дәрігерлік мекеме кіріп отыр: Қазақстан медициналық академия, Республикалық ғылыми жедел дәрігерлік көмек орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Республикалық балалардың сауықтыру орталығы, Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығы мен Республикалық ғылыми нейрохирургия орталығы.

Холдинг құрамына кіретін Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығы хирургиялық бағдарлау жүйесі бар Қазақстан мен Орталық Азиядағы бірден-бір орталық. Осы технологияның арқасында адам миындағы өмірлік маңызы бар құрылымдарда күрделі операция жасауға болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны