29.04.2013, 16:45 3097

Сенат депутаттары зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша заң жобасын талқылайды

Осы аптада Қазақстан Парламенті депутаттары бірқатар заң жобаларын қарастырады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ресми өкіл Алтай Ибибуллаев мәлімдеді.

Астана. 29-сәуір. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша заң жобасын талқылайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Осы аптада Қазақстан Парламенті депутаттары бірқатар заң жобаларын қарастырады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ресми өкіл Алтай Ибибуллаев мәлімдеді.

"2 мамыр күні ҚР Парламенті Сенатының Табиғатты пайдалану және ауылдық аймақты дамыту бойынша комитетінің отырысында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізі аясында "Оңтүстік-Батыс" және "Оңтүстік-Шығыс" тас жолдарын дамытуға арналған заң жобасы қарастырылады", - деді ол.

Оның айтуынша, сонымен қатар, 3 мамырда Сенат ел Парламентінің Мәжілісінде бұдан бұрын талқыланған ҚР зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша заң жобасын қарастыруды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны