05.07.2007, 14:58 2766

Сенат депутаттарына "Білім беру жөніндегі" жаңа заңның жобасы таныстырылды

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін парламент сенатында "Білім беру жөніндегі" жаңа заң жобасының тұсаукесері жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Депутаттар алдында сөз сөйлеген ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың мәлімдегеніндей, заңның жаңа редакциясын жасаудың өзектілігі елімізде білім беруді дамыту жөніндегі 2005-2010-жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында тиімді білім беру жүйесін қалыптастыру қажеттігіне байланысты. "Қолданыстағы заң 1999-жылы қабылданған және ол еліміздің қазіргі даму деңгейіне сай келмей қалды", - деді министр.

Заңның жаңа редакциясында президенттің жыл сайынғы жолдауында берген тапсырмалары мен білім беруді дамыту бағдарламасының тәртіп-ережелері ескерілген. Атап айтсақ, заң жобасында 2008-жылдан бастап мектептерде 12 жылдық білім беруге көшу жайы қарастырылған. Құжатпен білім берудің жеті сатылы жүйесі енгізілген (ал қолданыстағы заңда төрт сатылы жүйе), атап айтсақ, оған мектепке дейінгі тәрбие мен білім, мектепте үш сатылы білім беру және үш сатылы жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру сатылары қамтылған.

Ж.Түймебаевтың айтуынша, ұстаз еңбегінің беделі мен мәртебесін көтеруге заң жобасының жеке бөлімі арналған. Атап айтсақ, онда ұстаздарға берілетін әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер, ауыл мектептерінің мұғалімдеріне арналған жеңілдіктер, жаңашыл ұстаздарды материалдық және моральдық тұрғыда ынталандыру тәсілдері мен түрлері заңдастырылған.

Сонымен бірге заң жобасымен білім беру ұйымдарын халықаралық стандарттарға сәйкес аккредитациялау тәртіптері мен процедуралары бекітілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны