17.05.2012, 16:24 3030

Сенат ЕЭҚ Сотының Статутына өзгертулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады

Хаттамада Кеден одағы комиссиясының актілерін, әркетін және әрекетсіздігін даулау туралы шаруашылық субъектілерінің өтініштерін ЕурАзЭҚ Сотымен қарау тәртібі көзделеді.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы барысында палата депутаттары "2010 жылғы 5 шілдедегі Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының Статутына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Хаттамаға қол қоюдың мақсаты Қоғамдастық сотының мәртебесін Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің ЕурАзЭҚ Сотына жүгінуі және олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы Шартқа сәйкестендіру болып табылады. Кеден одағы шаруашылық жүргізуші субъектілеріне, оның ішінде үшінші мемлекеттердің резиденттеріне қоғамдастық сотына жүгіну құқығын береді", - делінген Сенаттың профилді комитетінің тұжырымында.

Қорытындыға сәйкес, Хаттамада Кеден одағы комиссиясының актілерін, әркетін және әрекетсіздігін даулау туралы шаруашылық субъектілерінің өтініштерін ЕурАзЭҚ Сотымен қарау тәртібі көзделеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны