20.02.2014, 19:17 16178

Сенат екінші деңгейдегі банктерді қайта ұйымдастыру мәселелері бойынша заң жобасын Мәжіліске қайта қарауға жолдады

Заңнамаға ұсынылып отырған өзгерістер Қазақстан Республикасы Президентінің қайта құрылымдаудан өткен екінші деңгейдегі банктер - БТА, Альянс Банк және Темірбанк- акционерлері қатарынан мемлекеттің шығуы туралы Президенттің тапсырмасын орындау үшін қажет, - деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Сенаттың пленарлық отырысында.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan today. Заңнамаға ұсынылып отырған өзгерістер Қазақстан Республикасы Президентінің қайта құрылымдаудан өткен екінші деңгейдегі банктер - БТА, Альянс Банк және Темірбанк- акционерлері қатарынан мемлекеттің шығуы туралы Президенттің тапсырмасын орындау үшін қажет, - деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Сенаттың пленарлық отырысында.

Заң жобасын талқылау барысында Заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындады.

Сенаторлар қарастырылып отырған Заң жобасында белгіленгендей банктер басқа банкке бақылау жасауды иемденген жағдайда осы заң жобасымен белгіленген алып қоюлардың қолданылуын көздейтін түзетулер енгізуді қарастырастыру, сонымен қоса жарғылық капиталдағы қаражатты Даму Банкінің Меморандумына сәйкес жобалардың несилендірілуіне бағыттауын қарастыратын түзетулер енгізуді ұсынып отыр.

Заң жобасында мыналар көзделген:

- "Банктер және банк қызметі туралы" Заңда қосылу түріндегі қайта ұйымдастыру кезінде басқа банктердің акцияларын сатып алуға шектеуді алып тастау және банктік холдингтің немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу қажеттігін оңтайландыру қажет;

- "Акционерлік қоғамдар туралы" және "Банктер және банк қызметі туралы" Заңдарда кредиторларды, депозиторларды, клиенттерді, корреспонденттерді және қарыз алушыларды қайта құрылымдау рәсімінен өткен банктердің қосылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуы туралы мекенжай бойынша хабардар ету талабын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлау ұсынылады.

Сонымен қатар, "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңға нарықтық бағалау әдістері бойынша қайта құрылымдау рәсімінен өткен банктерді бағалауға мүмкіндік беретін өзгеріс енгізу ұсынылады;

- "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңда қосылу нысанында бағалы қағаздармен айырбас жасау мәмілелерін тіркеу, егер осы жолмен қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі қайта құрылымдаудан өткен болса, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заңға тәуелді актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асатыны туралы норманы көздеу ұсынылады;

- әрбір кепілдік ұстаушының кепілдікті ауыстыруға немесе тыйым салуды тоқтатуға келісімін алу іс жүзінде мүмкін еместігіне байланысты, ауыстыруды кепілдік ұстаушының келісімінсіз жүргізу ұсынылады, бірақ қосылатын банк акцияларын кепілдікте ұстаушылардың пайдасына автоматты түрде ауыртпалық сала отырып, сондай-ақ ұқсас жолмен тыйым салынған акцияларға қатысты мәселені шешу ұсынылады.

Заң жобасымен "Акционерлік қоғамдар туралы"; "Банктер және банк қызметі туралы"; "Бағалы қағаздар рыногы туралы"; "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңдарға түзетулер енгізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны