26.05.2011, 14:16 3432

Сенат электрондық ақша мәселесі жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 26 - мамыр. Kazakhstan Today - Сенат электрондық ақша мәселесі жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасының негізгі мақсаты елімізде электрондық ақшаны шығаруға және оны ел аумағында пайдалануға құқықтық негізді қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, электрондық ақша шығару және онымен төлемдерді, өзге де қаржы операцияларын жүзеге асыру үшін пайдалану саласында қалыптасып отырған құқықтық қатынастарды реттеу көзделеді. Мамандардың айтуынша, бұндай электрондық ақша жаңадан енгізілетін дүние емес, өйткені осындай электрондық ақша Қазақстанда айналымда бар. Дегенмен, бұндай ақша елімізде резидент еместер тарапынан шығарылады және бұлардың бәрі шетелдік валюта түрінде болып отыр. Сондықтан да заң жобасы жүзеге асса, қазақстандық банктер ұлттық валюта, яғни теңге бойынша электрондық ақша шығара бастайды. Өз кезегінде интернет пайдаланушылар желілерді пайдалана отырып, он-лайндық сатып алулар жасай алады.

Тоқтала кететін жайт, электрондық ақшаны иелену әрбір интернет пайдаланушы жеке тұлғалардың таңдауы арқылы жүзеге асады. Сонымен бірге, бүгінгі күні еліміздегі электрондық коммерция саласында отандық электрондық ақшаның болмауы салдарынан қаражаттың сыртқа ағылу жағдайы да кездескен. Отандық банктердің электрондық ақша шығара бастауы одан кейінгі кезеңдерде елімізде қажетті инфрақұрылымдарды құруға негіз болады. Сондықтан да, заң жобасын қабылдау нәтижесінде елімізде интернет-сауда жандана түседі деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны