28.12.2006, 12:21 3469

Сенат Еңбек кодексін алғашқы оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар Еңбек Кодексінің жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,-деп хабаралайды Kazakhstan today агенттігі.

Кодекстің басты мақсаттары мен міндеттері - еңбек және еңбекпен байланысты өзге де қатынастарды, адамның енбек құқығы мен еркіндігінің ең төменгі кепілдіктерін бекіту, еңбек қатынастарына қатысушы тараптардың мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге , экономикалық өсу мен өндірістің тиімділігіе арттыру және адамдардың жағдайын көтеруге бағытталған құқықтық шарттарды жасау қарастырылған.

Үкімет жұмысшылардың жыл сайынғы еңбек демалысының ең аз дегенде 24 күнтізбелік күн мерзімін; уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты орташа жалақысы көлемінде өтемақы төлеу; жұмысқа бармауға мәжбүр болғаны үшін орташа жалақысын 3 айдан 6 айға дейін мерзімде алу сияқты нормаларға келісімін берген. Сонымен қатар үкімет ауылдық жердегі азаматтық қызметтегілерге қызметтік жалақы мен тарифтік көрсеткіштерді кем дегенде 25 % көтеру туралы ұсыныстарды мақұлдады.

Сонымен қатар, депутаттар заң жобасына жұмыс берушінің еңбек заңнамасын бұзбаған жағдайда зейнетке шығуына 3 жыл қалған жұмысшымен арадағы еңбек туралы келісім шартты бұзуға шектеу қою туралы норманы енгізді.

Заң жобасында жұмыс берушінің еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуіндегі міндеттерін кеңейтті. Осы ретте егер жұмыс беруші еңбекті қорғау және қауіспіздікті қамтамасыз ету шараларын жүргізу үшін ҚР құқықтық актілерінде тыйым салынбаған өз қаржысы немесе өзге де қаржы көздерін қолданса бұған тыйым салынбайды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Еңбек кодексінің жобасы енбек нарығының тұрақты қызмет етуі және еңбек ұжымдарының мүдделерін бір ретке келтіру мақсатымен жасалған. Бұл құжат еңбек және ұжымдық келісімдердің жасалуы және орындалуын, еңбек дауларын шешуді қамтамасыз етеді.

Еңбек кодексінің жобасы еңбек дауларын екі деңгейде шешуге мүмкіндік береді. Оның бірі- келісім комиссиясы болса, екіншісі еңбек арбитражы немесе сот орындары болмақ. Құжатта жұмыс беруші мен жұмысшылардың еңбек келісімшарттарына өзгеріс енгізу мүмкіндіктері қарастырылған. Олар -қызметкерлерді аттестациядан өткізу, оқуға бару үшін демалыс алу және кәсіби деңгейін көтеру, сонымен қатар, (Қазақстанның ДСҰ енуіне байланысты) бәсекелестік етпеу туралы жайт. Сондай-ақ, еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мақсатымен жобада жартылай еңбекпен қамтамсыз ету, жұмысынан айырылып қалған жайда өтемақы алу және жұмысқа сағатпен жалдану сияқты жайттар қарастырылған.

Сонымен қатар, құжатта еңбек өнімділігін арттыру мақсатымен жұмысшылар мен жұмыс берушілерді ынталандыру еңбек қатынастарын заңдастыру реттері де көрініс тапқан.

Сонымен қатар бүгін сенат депутаттары "ҚР Еңбекті реттеу мәселелеріне қатысты заңдық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын да алғашқы оқылымда қабалдады. Бұл Еңбек кодексіне тікелей байланысты құжат. Онда 50-ден астам құқықтық актілерді толықтыру және өзгертулер енгізу қарастырылған.

Заң жобалары екінші оқылымға дайындау үшін сенаттың салалық комитетіне жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны