12.06.2008, 11:35 1274

Сенат есірткілік қылмыстар үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Сенат есірткілік қылмыстар үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қылмыстық кодекс пен Икімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ҚР кодексіне есірткілік қылмыстар үшін жүктелетін қылмыстық жауапкершілікті күшейту жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын келісім комисиясының шешімін мәжіліс депутаттары мақұлдаған болатын.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Халықаралық тәжірибені ескеру негізінде және ішкі ахуалдың біршама күрделілене түсуіне байланысты заң жобасымен есірткілік қылмыстарды жасағаны үшін жүктелетін жауапкершілікті күшейту, тіпті өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін жаза жүктеу ұсынылып отыр. Мұндай жаза төменде аталған жағдайларда қолданылады: оқу орындарында және кәмелеттік жасқа жетпегендерге есірткі сатқаны үшін, ұйымдасқан қылмыстық топтардың аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін, аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін, есірткі тұтынуға тарту салдарынан адамды өлімге душар ету қылмыстары үшін.

Сонымен бірге, Икімшілік кодекске енгізілген түзетулермен "көңіл көтеру ұйымдары" деген ұғым енгізіліп, "осындай ұйымдарда есірткі тұтынудың алдын алуға шара қолданылмаған жағдайда олардың іс-қызметіне тыйым салу немесе уақытша тоқтату" туралы санкция енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны