15.01.2009, 15:53 2852

Сенат "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды (толық нұсқасы)

Сенат "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды (толық нұсқасы)

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Сенаттың бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Заң жобасы Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы заңнаманы жетілдіру, елдегі инновациялық белсенділікті арттыру үшін қажетті жағдай жасау, сондай-ақ ғылымның өндіріспен байланысын нығайту мақсатында әзірленген болатын.

Заң жобасының міндеті инновациялық гранттар беру, қайтарымды негіздегі және басқа түрдегі шаралар кешені мен инновациялық жобаларды инновациялық институттарды қаржыландыру арқылы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың нақты тетіктерімен қамтамасыз ету болып табылады.

Сенатта заң жобасын талқылау барысында мәжіліс мақұлдаған нұсқаға комитеттер ұсынған ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Түзетулер заң жобасының жекелеген ережелерін жетілдіруге, оның мазмұнын жақсартуға және нақтылауға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны