09.06.2014, 22:36 3096

Сенат қарауына инвестклиматты жақсартуға бағытталған заң жобасы жіберілді

Жаңа заң жобасына мынадай өзгертулер енгізілген. Атап айтатын болсақ, КТС 10 жылға, жер салығынан 10 жылға, мүлік салығынан 8 жылға дейін босату көзделген, деп Сенаттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының қаржы және бюджет комитетінде "ҚР инвестициялық климатты жақсарту мәселелеріне арналған кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" заң жобасы қаралды.

Жаңа заң жобасына мынадай өзгертулер енгізілген. Атап айтатын болсақ, КТС 10 жылға, жер салығынан 10 жылға, мүлік салығынан 8 жылға дейін босату көзделген, деп Сенаттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан басқа, заңнамада инвестициялық субсидия беру қарастырылған.

Сонымен қатар, "тұрақтылық" және "бір терезе" принціптерін енгізу, шетелдік жұмыс күшін тартуды жеңілдету, инвесторлардың құқығын қорғау және қамтамасыз ету көзделуде.

Тұжырымдамалық тұрғыда мақұлданған құжат палатаның қарауына жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны