23.09.2021, 20:22 11783

Сенат Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялады

Құжат жоспарланып отырған қызметтің трансшекаралық контекстінде қоршаған ортаға әсерді бағалаудың тиімді және ашық рәсімдерін жүргізу мақсатында әзірленді.
НҰР-СҰЛТАН. 23 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгін жалпы отырыс барысында Сенат "Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның трансшекаралық контекстінде қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Каспий теңізінде көмірсутегі шикізатының ірі қорының болуы су қоймасының экологиясы мен биологиялық ресурстарын сақтау мәселесін өзекті етеді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықтың шарттық базасын кеңейту мақсатында Қазақстан Негіздемелік конвенцияға бірқатар хаттамаларға қол қойды. Солардың бірі - 2018 жылғы 20 шілдедегі Мәскеуде Каспий маңы мемлекеттері: Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Түрікменстан және Қазақстан Республикасы қол қойған трансшекаралық контексте қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы Хаттама", - деп атап өтті Экология Министрі Серікқали Брекешев заң жобасын палатаның жалпы отырысында таныстыра отырып.

 
Құжат теңіз ортасы мен құрлыққа елеулі трансшекаралық әсер етуі мүмкін жоспарланып отырған қызметтің трансшекаралық контекстінде қоршаған ортаға әсерді бағалаудың тиімді және ашық рәсімдерін жүргізу мақсатында әзірленді.
 
Хаттаманың реттелуі мынандай қызмет түрлерін анықтады: мұнай өңдеу зауыттары; жылу қуаты 300 мегаватт немесе одан жоғары жылу электр станциялары мен басқа да жану қондырғылары; атом электр станциялары мен басқа да атом реакторлары; автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және басқада қызмет түрлері.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны