19.06.2014, 19:48 2799

Сенат Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты салық салудың алдын алу туралы хаттаманы ратификациялады

Сенат "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Сингапур Республикасы Үкіметінің арасындағы екі жақты салық салуды және табыс салығынан жалтаруды алдын-алу туралы келісімге өзгертулер мен қосымша енгізу туралы келісімді ратификациялау" заң жобасын қабылдады.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Парламенті Сенаты палата спикері Қ.Токаевтың төрағалығымен өткен пленарлы отырыста ҚР-ның "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Сингапур Республикасы Үкіметінің арасындағы екі жақты салық салуды және табыс салығынан жалтаруды алдын-алу туралы келісімге өзгертулер мен қосымша енгізу туралы келісімді ратификациялау" заң жобасын қабылдады.

"Хаттаманың мақсаты екіжақты салық қызметінің байланысын нығайту арқылы салық салу мәліметтерімен алмасу және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу. Айта кетерлік жайт, қолданыстағы заңнама Сингапурда "Ақпарттық кұпиялылығы туралы" заңының болуына орай ақпарат алмасуға мүмкіндік бермеді,", - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, ведомство басшысы екі ел арасындағы тауар айналымы жыл сайын артып келеді, деп атап өтті. "Қазақстанға Сингапурдан келетін басты салалардың бірі менералды өнімдер, темірден жасалған заттар және т.б.",- деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны