13.05.2009, 18:00 2740

Сенат "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасының басты мақсаты еліміздегі валюталық реттеу және валюталық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады.

Заң жобасымен Қылмыстық және Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге, Салық кодексіне, "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" және басқа да заңдарға өзгерістер енгізіледі.

Аталмыш заң жобасымен шетелден ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты қайтармағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қолдану үшін шекті мәндерді ұлғайту, валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында Ұлттық Банктің айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаның сатып алу бағамының теңгеге сату бағасынан ауытқу шегін белгілеуге қатысты қосымша өкілеттігін анықтау, валюталық реттеу мен ұлттық және шетел валюталарын репатриациялау режимдерін жұмсарту, қолма-қол шетел валютасына қызмет көрсету және бөлшек сауда жүргізуге қатысты қызмет түрін лицензиялауды тоқтату, сонымен қатар, резиденттер арасындағы тазартылған құйма алтынды сатып алу және сату операцияларын заңдастыру көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны