10.09.2009, 10:40 3798

Сенат Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьяларын сайлады

Сенат Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьяларын сайлады

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьяларын босату және сайлау туралы" Қазақстан Республикасы президентінің ұсынысын қарастырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Елбасы парламент сенатының қарауына ҚР Жоғарғы сотының судьясы Еліс Нұрқасымұлы Ибдіқадыровты басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатуды, сондай-ақ Дүйсен Ибдірахманұлы Тұмабековты, Моряк Смағұлұлы Шегеновты Жоғарғы соттың судьялары қызметіне сайлауды ұсынған болатын. Осыған байланысты Сенат алдында ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабеков Елбасының аталған кандидатуралар туралы ұсынысын оқып берді.

Жоғарғы Сот судьясы лауазымынан босатылатын Еліс Ибдіқадыров 2007 жылы наурыздан бастап ҚР Жоғарғы сотының судьясының лауазымына сайланған болатын. Сондай-ақ ол осыдан біраз бұрын ҚР Бас прокурорының бұйрығы бойынша ҚР Бас прокуратурасына қызметке қабылданып, сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету департаментінің бастығы болып тағайындалған.

Ал Дүйсен Жұмабеков ҚР президентінің 2007 жылғы наурыздағы жарлығымен Астана қалалық сотының судьясы қызметіне тағайындалған болатын. Оның сот жүйесіндегі еңбек өтілі 15 жылдан асады. Сондай-ақ Моряк Шегенов 2007 жылғы наурыздан бері Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы қызметіне екі мәрте тағайындалған. Оның судьялық жұмыс өтілі - 20 жыл. Парламент сенаты мемлекет басшысының ұсынысын қолдап, шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны