21.05.2009, 18:13 3273

Сенат "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сенаттың Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің қорытындысына сәйкес, мемлекет басшысының 2007 жылғы 28 ақпандағы "Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан" халыққа жолдауына сәйкес әзірленген заң жобасы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаның ластануын, көнерген және зиянды технологиялардың бақылаусыз әкелінуін шешу мәселелері бойынша заңнамалық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заң жобасы пайдалану мерзімі өткен және экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін технологияларды, техникаларды және жабдықтарды Қазақстанға әкелуді шектейді.

Заң жобасы Экологиялық кодекстің экологиялық қауіпті пайдалану мерзімі өткен технологияларды, техника мен жабдықтарды Қазақстан Республикасына әкелуді реттеу, мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижесі бойынша бірнеше рет қауіпті деп танылған технологиялардың жекелеген түрлерін әкелуге тыйым салу бөліктеріне нақтылау қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны