01.10.2009, 10:33 1479

Сенат "Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 1 қазан. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Құжат Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімнің негізгі ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Мәселен, заң жобасымен кеден заңнамасына кедендік құнды айқындау, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде декларант ретінде әрекет ететін тұлғалар тобын ұлғайту бөлігінде Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің талаптарына сәйкес келетін өзгерістер ұсынылады.

Бұдан басқа, заң жобасымен Кеден кодексінде белгіленген құзірет шегінде зияткерлік меншікті қорғау мәселесін қоса алғанда, кеден әкімшілігін жүргізу принциптері мен әдістерін жетілдіруге байланысты өзгерістер енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны