18.06.2009, 12:44 1371

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкерішілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкерішілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкерішілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысы бойынша заң жобасы тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі қылмыстық жазалауды жоюға, әскери қылмыстың бірқатар құрамдарын (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 371-бабының 1-бөлігі, 372-бабының 1, 3-бөліктері, 379-бабының 1-бөлігі) әкімшілік құқық бұзушылық қатарына ауыстыруға және қызмет мүддесіне айтарлықтай зиян келтірмейтін құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеуге бағытталған.

Заң жобасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 367, 369, 371, 372, 374, 379, 382-баптары нормаларының санкцияларындағы тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазалау бас бостандығынан айыруға не қамауға ауыстырылады, ал ол жазалаудың балама түрі ретінде көзделетін баптарда (368, 370, 373, 375, 376, 377, 378, 387, 388, 389, 390, 391-баптар) - алынып тасталатын болады.

Заң жобасымен қызмет мүддесіне айтарлықтай зиян келтірмейтін бұйрыққа бағынбау немесе оны өзге де орындамау (ҚР ИҚБтК-нің 512-4-бабы) және қылмысқа қатысы жоқ құқық бұзушылықтар (512-1 - 512-3 баптар) жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Одан басқа, әскери полиция органдарының құзыреті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау құқығымен толықтырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны