22.06.2009, 11:40 1332

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Астана. 22 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына сәйкес, бұл заң жобасы тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі қылмыстық жазалауды жоюға, әскери қылмыстың бірқатар құрамдарын әкімшілік құқық бұзушылық қатарына ауыстыруға және қызмет мүддесіне айтарлықтай зиян келтірмейтін құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеуге бағытталған.

Жоба арқылы еліміздің Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару, Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге, "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" және "Искери полиция органдары туралы" заңдарға өзгерістер енгізіледі.

Талқылау барысында мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. Атап айтқанда, Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа 512-2-бабының бірінші бөлігіндегі диспозицияны, "бес тәуліктен артық, бірақ он тәуліктен аспайтын уақытқа" деген белгілерді, осы бапта көзделген екі дербес құрамға қатысты болатын редакцияда (бөлімді өз бетімен тастап кету, мерзімінде келмеу) жазу ұсынылып отыр. Ал мәжіліс мақұлдаған редакцияда аталған белгі мерзімінде келмеуге ғана қолданылды.

Еліміздің ИҚБтК жаңа 512-2-бабының бірінші бөлігімен ұштастыру мақсатында он тәуліктен артық, бірақ бір айдан аспайтын уақыт түріндегі бірден бір дәрежелік белгісін сақтай отырып, осы баптың екінші бөлігіне әскери қызметшінің бөлімге немесе қызмет орнына келмеуі оқиғасын оны өз бетімен тастап кету ретінде дәрежелеу ұсынылады.

Бұдан басқа, ИҚБтК 636-бабының қолданыстағы редакциясында жіберілген мемлекеттік тілдегі қателік жойылады, онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жасайтыны көрсетілмеген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны