18.06.2009, 12:50 2816

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, бұл заң жобасы қолданыстағы бағалау қызметі нарығын жүйесінің құқықтарын жетілдіру және тәртіпке келтіру мақсатында әзірленген болатын.

"Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы" заңына ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар мүлікті бағалау мәселелерін мемлекеттік бағалаудан бірте-бірте өзі реттелетін бағалаушылар палатасына ауыстыруды қамтамасыз етуге арналған. Олар мемлекет міндетіне бағалау қызметін реттеуді қалдыра отырып, тиісті қызмет нарығында бағалау қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны