04.06.2009, 13:31 1444

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын өзгерістермен мәжіліске қайтарды

Сенат "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын өзгерістермен мәжіліске қайтарды

Астана. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз өзгерістерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы балалардың қадағалаусыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған құқықтық шаралар кешенін қарастырады.

Заң жобасындағы ережелер кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жалғыз өзі болуына шектеу қояды және оған жол бергендерге жауапкершілік белгілейді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға тартқан адамдармен жекедара профилактикалық жұмыс жүргізу қарастырылады.

Заң жобасымен Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, "Неке және отбасы", "Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу туралы" заңдарға өзгерістер енгізу көзделіп отыр.

Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінде талқылау барысында Мәжілісте мақұлданған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі айтылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны