24.09.2009, 11:05 1350

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы балық шаруашылығы саласын дамытуды заңнамалық тұрғыда реттеуге, балық қорын қорғауды күшейтуге, балықтың жаппай қырылуымен күресті тиімді жүргізуге, балық шаруашылығындағы мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасымен Қылмыстық, Экологиялық, Су, Икімшілік тәртіп бұзушылықтар туралы кодекстерге және "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңдарға өзгерістер енгізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны