23.04.2009, 16:08 2967

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртіптерін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарды

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртіптерін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарды

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртіптерін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Палата отырысында бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасын қарау барысында Сенат комитеттерінің ескертпелері мен ұсыныстары ескеріліп, Мәжілісте мақұлданған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі айтылды.

Сөйтіп, заң жобасына кейбір ережелердің мемлекеттік тілдегі аудармасына, сондай-ақ жобада пайдаланылатын ұғымдарды нақтылауға қатысты түзетулер енгізілді.

Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің, Жер және Су кодекстерінің, "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы", "Шаруа қожалығы туралы" заңдардың жария етілу бастаулары сәйкестендірілді.

Одан басқа "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртіптерін сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына "Нормативті құқықтық актілер туралы" заңның талаптарына байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны