11.12.2009, 12:55 2887

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Заң жобасы бойынша ҚР Индустрия және сауда министрінің орынбасары Ерхат Искалиев баяндама жасады.

Аталған заң жобасы "Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығын орындау үшін әзірленген.

Заң жобасы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу барысындағы қазақстандық қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың уәкілеттігін, сондай-ақ уәкілетті органдар, тапсырыс берушілер және жеткізушілер арасындағы өзара қарым-қатынастарды белгілейді.

Бұл мақсаттарды орындау үшін "Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Концессиялар туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр.

Енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулар қазақстандық қамту жөніндегі ұғымдық түсіндірмеге бірыңғай қатынастарды белгілеуді, мемлекеттік органдар арасындағы қазақстандық қамтуды бақылау және мониторинг міндеттерін бөлуді, ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу барысындағы қазақстандық қамтудың бірыңғай әдістемесін бекіту және тендерлер мен конкурстар өткізу барысында қазақстандық өндірушілерді қолдау жөніндегі біртұтас шаралар жөніндегі Үкімет құзіретіндегі міндеттерді айқындауды қарастырады.

Сондай-ақ жобада мемлекеттік сатып алу саласындағы конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға туралы ұсыныстарына әсер ететін ережелерді қолдану жөніндегі міндеттердің бұзылғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Сатып алуға мониторинг жасау жүйесін тәртіпке келтіру ішкі мемлекеттік сұранысқа талдау жасауға және импортты алмастырудағы сапалы шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезіндегі қазақстандық қамту мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін белгілеу, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялар мен олардың еншілес және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың қазақстандық қамту бөлігіндегі тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуының ерекшеліктерін регламенттеу, сондай-ақ қазақстандық қамту бөлігінде заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу және индустрия және сауда саласындағы уәкілетті органға заңды тұлғалардың әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы хаттаманы жасау өкілеттіктерін беру болып табылады.

"Ұсынылған Заң жобасы қазақстандық өндірушілерді қолдау және ынталандыру жөніндегі мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына сәйкес келеді және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамтуды ұлғайтуға ықпал ететін болады, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы экономикасының өсуіне алып келеді",- дейді баяндамасында вице-министр.

Республикалық бюджет қаражатынан қаржылай шығыстарды көздемейтін заң жобасы бойынша "Икімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Концессиялар туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болды.

Заң жобасын үкіметтің бастамасымен Сауда және индустрия министрлігі әзірлеген, жұмыс тобының жетекшісі - депутат Мейрам Пішембаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны