01.10.2009, 10:31 1485

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 1 қазан. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысы бойынша, заң жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік бақылаудың қазіргі нысанын "Шекараларда жүктерге бақылау жүргізудің шарттарын келісу туралы" Халықаралық конвенцияның 3-бабы 3 тармағының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Мәселен, еліміздің мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді жеделдету және оңайлату мақсатында мемлекеттік шекара арқылы автомобильдерді өткізу пункттерінде көліктік, санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыруды тек елдің кеден органдарына беру көзделеді.

Карантиндік және ветеринариялық-санитариялық бақылау түрлерін уәкілетті органдардың кеден органдарына іссапарға жіберілген мамандары жүзеге асырады.

Заң жобасымен 8 заңнамалық актіге, оның ішінде Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, "Автомобиль көлігі туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны