04.12.2008, 13:49 1677

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды жетілдіру мақсатында әзірленді.

Бұл заң жобасымен "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" және "Электрондық құжат және электрондық сандық қолтаңба туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр. Атап айтқанда, құжаттың құндылығын айқындау белгілері заңнамалық тұрғыда бекітіледі, құжаттың құндылығына сараптаманы жүзеге асыратын субъект нақтыланды, басқару қызметін құжаттауға бірыңғай талаптар белгіленді.

Заң жобасын сенат комитеттерінің ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, талқылау барысында мәжіліс мақұлдаған заң жобасына:

- "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" заңға мұрағат қорының құжаттарын есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ мұрағат ісі бойынша заңнаманы бұзуға кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қана жауапқа тарту бөлігінде;

- "Электрондық құжат және электрондық сандық қолтаңба туралы" заңға Қазақстан Республикасы үкіметінің электрондық құжат айналымы тәртібін бекіту және басқалар жөніндегі құзыретін нақтылау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындағаны айтылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны