24.09.2009, 11:31 1336

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптамалық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптамалық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Астана. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптамалық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы сот-сараптамалық қызметі туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген болатын.

Заң жобасымен Қылмыстық іс жүргізу, Азаматтық іс жүргізу, Икімшілік тәртіп бұзушылық туралы кодекстерге, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы", "Лицензиялау туралы" заңдарға өзгерістер енгізу ұсынылып отыр.

Сенатта талқылау барысында Мәжілісте мақұлданған заң жобасына өзгерістер енгізілетін болды.

Атап айтқанда, Азаматтық іс жүргізу кодексінің 91- бабындағы тоғызыншы бөлігін сәйкес келтіру мақсатында заң жобасының 1- бабының 2- тармағы, 3) тармақшасының бесінші азат жолымен сот қаулысының орнына сараптама тағайындау туралы сот белгілемесі қарастырылатын болды.

Одан басқа "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 57- бабының 1 тармағындағы 4) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында "Лицензиялау туралы" заңның 26- бабындағы 1) тармақшасына сот-медициналық, сот-психитриялық және сот-есірткілік сараптама түрлері де енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны