21.05.2009, 18:25 2929

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп мәжіліске қайтарды

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау мен Сенат комитеттерінің ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып оны екінші оқылымға әзірлеу барысында Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.

"Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заңның 8 бабындағы 3 тармаққа валюталық операциялар жөніндегі міндеттерді орындаудың ерекшелігіне байланысты түрлі рәсімдер мен тіркеу мерзімдерін дәлірек қарастыратын түзету енгізілді.

Шетел валютасындағы бағалы қағаздардың, олардың шығарылған түрлеріне қарай айналымы жөніндегі операциялар қарастырылатын резиденттер арасындағы валюталық операциялар бойынша шектеулерді алып тастау ұсынылды.

Еліміздің Азаматтық кодексінің 128-1 бабына сәйкес өндірілген қаржы құралдары бағалы қағаздар болып табылмайды және тисінше қаралып отырған "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заңның 1 бабында мазмұндалған "валюталық құндылық" ұғымына жатпайды.

Осыған байланысты белгіленген заңның 22 бабының 1 тармағына ескерту тәртібі тек өндірілген қаржы құралдарымен валюталық операцияларға ғана қарастырылатын өзгеріс енгізілді.

Одан басқа еліміздің Салық кодексіне салық әкімшіліктендірулерін жетілдіруге, сондай-ақ мәтіндік нақтылау мен заң техникасы ережелеріне байланысты өзгерістер енгізу ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны