16.09.2009, 12:32 1694

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сенаттың жалпы отырысында депутаттар бүгін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Заң жобасы жалған кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жалған кәсіпорын ұйымдастыру және оның қызметіне байланысты қылмыстарды (тәртіп бұзушылықтарды) азайту мақсатында әзірленді.

Заң жобасына сәйкес алты заңнамалық актіге, оның ішінде Азаматтық кодекске (Жалпы бөлім), Қылмыстық кодекс пен Икімшілік құқық бұзушылық кодексіне, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Сөйтіп, Қылмыстық кодекстің 6-тарауына кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыру ниетінсіз жалған мәміле жасағаны үшін жауапкершілік қарастыратын жаңа бап қосылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны