24.09.2009, 11:24 1418

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Астана. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұл заң жобасы палата отырысында бірінші оқылымда қаралып, мақұлданған болатын.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, жобаны талқылау және оны екінші оқылымға әзірлеу барысында Қылмыстық кодекстің 192-ші бабының мәтініне тиісті өзгерістер енгізілетін болды. Ол ұсынылып отырған заң жобасында жалған кәсіпкерлігі үшін субъектіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін мәмілелерді алдын ала сот арқылы жалған деп тану қажеттігі осындай құрамдағы қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғауды рәсімдеуге елеулі түрде қиындатуға әкеліп соғатына байланысты болып отыр. Осындай өзгеріс Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 154- бабының мәтініне де енгізілетін болды.

Одан басқа заң жобасына мәтіндік және нақтылау сипатындағы, оның ішінде заң техникасы ережелеріне қатысты бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны