18.06.2009, 15:00 2528

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Заң жобасының мақсаты жедел-іздестіру қызметін жетілдіру, оны реформалау және еліміздің қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу және өзге де заңнамасының нормаларына сәйкес келтіру болып табылады. Заң жобасының шеңберінде уәкілетті органдардың қылмысқа қарсы күрестегі қызметінің тиімділігін арттыру үшін жағдай жасалған.

Заң жобасы Қылмыстық және Қылмыстық іс-жүргізу кодекстері мен "Жедел іздестіру қызметі туралы" заңға өзгерістер енгізуді көздейді.

Жоба анықтау органдарынан қылмыстық істі прокурордың алуына және алдын ала тергеу органына беруге өкілеттігін қарастырады.

Ерекше жағдайларда толық және ақиқат тергеу жүргізуді қамтамасыз ету үшін алдын ала тергеу органының жазбаша ұсынысы бойынша, немесе прокурордың жеке бастамасы бойынша істі алдын ала тергеу органының бірінен екіншісіне беруге, немесе өзіне өндіріске алуға және оны Қылмыстық-іс жүргізу кодексінде белгіленген сабақтастықтан тәуелсіз түрде тергеуге қабылдауға өкілеттік берілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны