01.10.2009, 12:02 2772

Сенат "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс-жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Сенат "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс-жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Астана. 1 қазан. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс-жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап, оған өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес Қазақстандағы сот жүйесін одан әрі жаңғыртуға бағытталған.

Заң жобасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасындағы үш буынды сот жүйесін оңтайландыруды көздейді. Жобада қылмыстық және азаматтық барлық істер бірінші кезекте қаралуға жататын аудандық және оларға теңестірілген соттар - бірінші буын болып табылады.

Екінші буын - істерді аппеляциялық және кассациялық тәртіпте қарайтын облыстық және соларға теңестірілген соттар болса, үшінші буын - істерді тек қадағалау тәртібімен қарайтын Жоғарғы Сот болады.

Жоба арқылы жаңадан мамандандырылған соттар - ерекше ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер қаралуға жататын бірінші сатыдағы соттар болып табылатын қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттар және бірінші сатыдағы мамандандырылған әскери соттар енгізілгелі отыр.

Мамандандырылған ауданаралық соттарда қаралуға жататын істер ауқымы да жасы кәмелетке толмағандар ісі бойынша кеңейетін болды. Сондай-ақ жиынтық ұғымымен ажыратылған қылмыстардың көп мәрте болуы, қайталама қылмыстар мен рецидивтік те реттеледі.

Сот үдерісіндегі айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында дыбыс және бейне жазбалар секілді техникалық құралдарды қолдану мәселелері де қарастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны