21.06.2012, 14:37 2670

Сенат Қазақстанда Ауғанстанның 1 мың азаматын оқытуды қарастыратын келісімге өзгеріс енгізу туралы ҚР Заңын қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "2009 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР Заңы қабылданды.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Сенат Қазақстанда Ауғанстанның 1 мың азаматын оқытуды қарастыратын келісімге өзгеріс енгізу туралы ҚР Заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "2009 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР Заңы қабылданды.

Аталған Заңның мақсаты тараптар арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық қолдауларды одан әрі кеңейту болып табылады. Бұл ретте, 2009 жылы қабылданған келісімге сәйкес, 2020 жылға дейін Ауғанстанның 300 азаматын кәсіптік-техникалық оқу орындарында, ал 700 адамды жоғары оқу орындарында оқыту бойынша Қазақстанның міндеттемелері қарастырылған болатын. Ал, хаттамадағы өзгерістер негізінен жоғарыда айтылған 700 адамның 177-сін магистрлік бағдарлама бойынша оқытуды көздейді.

Атап айтқанда, Ауғанстанның 35 азаматын жыл сайын Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында магистрлік бағдарламамен оқыту жүзеге асырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны