01.10.2015, 10:52 3646

Сенат Қазақстанныӊ ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттаманы ратификациялады

ҚР Парламент Сенаты "1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасыныӊ қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР Заӊын қабылдады

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - ҚР Парламент Сенаты "1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасыныӊ қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР Заӊын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ДСҰ-ға мүше болу Қазақстанныӊ көпжақты келісімдеріне қатысу арқылы стратегиялық сауда-экономикалық мүдделерін іске асыру жөніндегі қосымша мүмкіндіктерді іске асыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Айта кетейік, 27 шілдеде ДСҰ-ға кіру туралы хаттамаға Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Женева қаласында қол қойды.

Сонымен қатар, еліміз ДСҰ-ға мүше басқа елдердіӊ нарығында осы елдердіӊ ішінде тауарларды тасымалдау кезінде қолданылатын сондай көлік тарифтері бойынша тауарларды экспорттауға мүмкіндік береді. ДСҰ-ға Қазақстанныӊ кіруі бірлескен кәсіпорындар құру, бірлескен зерттеулер жүргізу, зияткерлік меншік объектілерімен алмасу, экономиканыӊ түрлі салаларына жаӊа технологиялар мен инвестицияларды тарту үшін кеӊ мүмкіндіктер көздейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны