31.01.2013, 11:00 6257

Сенат Кедендік транзиттің тәртібіне өзгерістер енгізетін хаттаманы ратификациялады

Бүгін Парламент Сенаты "2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заң жобасын қабылдады.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - Сенат Кедендік транзиттің тәртібіне өзгерістер енгізетін хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Парламент Сенаты "2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заң жобасын қабылдады.

"Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету қаржылық кепілдік болып табылады және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару тәуекелдерін азайту үшін кеден органдары қолданады. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз ету транзит кезінде шекарадағы бір кеден органынан ішкі транзит кезінде кеден аумағынан алыс жерде орналасқан немесе транзит кезінде басқа кеден органына дейін тауарларды жеткізу кезінде кепіл ретінде қолданылады", - деді аталмыш заң жобасы бойынша баяндама жасаған Қаржы министрі Болат Жәмішев.

Оның айтуынша, дейтұрғанмен, тауарларды жеткізбеу тәуекелі жоқ жағдайлары да бар. Олар дипломатиялық өкілдердің тауарлары, мәдени, ғылыми зерттеуге қажетті тауарлар, мемлекеттік органдар әкелетін әскери жүктер және тағы да басқа тауарлар.

"Сондықтан келісімге хаттамамамен көрсетілген тауарлардың транзиті кезінде қамтамасыз етуді енгізу қажеттілігімен босату туралы түзетулер енгізілді. Сонымен қатар барлық бақылаудың және рәсім түрлері сақталады. Қолдауларыңызды сұраймын", - деп түйіндеді Қаржы министрі. Сенат депутаттары дауыс бере келе Заң жобасын қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны