01.02.2007, 12:17 3403

Сенат қылмыстық атқару жүйесі жөніндегі заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қылмыстық атқару жүйесі туралы кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. 
 
Бұрын хабарлағанымыздай, заң жобасымен сотталғандарды тамақтану және коммуналдық тұрмыстық қызметке алынатын төлемдерден босату қарастырылған, себебі "олардың басым бөлігі жұмыс істемейді және аталған қаражатты қайтарып бере алмайды".
 
Құрт ауруының алдын алу мақсатында түзету мекемелерінің әкімшілігі абақтыдан босатылатындарды және мерзімдерін өтеу барысында емделуден бас тартқандарды міндетті түрде құрт ауруынан емделуге жіберу үшін сотқа жүгінуге құзырлы.
 
Сонымен қатар, заң жобасына сәйкес, шартты мерзімнен бұрын босату институты жетілдіріледі. Нақтырақ айтсақ, заң жобасында жазасын өтеушіні шартты түрде мерзімнен бұрын босату негіздері мен оның тәртіптері айқындалған. 
 
Шартты түрде мерзімнен бұрын босатылғандарға мерзімі өтелмеген кезеңге белгіленетін кейбір міндеттемелерінің тізімі айқындалған. 
 
Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін сенаттың салалық комитетіне жіберілді.
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны