10.09.2015, 12:02 3689

Сенат қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық конвенцияны ратификациялады

Америкада сотталған Қазақстан азаматтарын елге қайтару жайлы Қазақстанныӊ сұрауын қарауға құқықтық негіз пайда болмақ. Осы мәселені реттейтін конвенцияға қосылу туралы заӊ жобасы Мәжілістіӊ қарауында жатыр. Бұл туралы бүгін Сенаттыӊ отырысында ҚР Бас прокурорыныӊ орынбасары Жақып Асанов айтты

Астана. 10 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Америкада сотталған Қазақстан азаматтарын елге қайтару жайлы Қазақстанныӊ сұрауын қарауға құқықтық негіз пайда болмақ. Осы мәселені реттейтін конвенцияға қосылу туралы заӊ жобасы Мәжілістіӊ қарауында жатыр. Бұл туралы бүгін Сенаттыӊ отырысында ҚР Бас прокурорыныӊ орынбасары Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Айта кетейік, тұжырымдама Нассауда 1992 жылдыӊ 23-ші мамырында қабылданды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Жақып Асанов Сенатта "Қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау туралы" заӊ жобасы бойынша баяндама жасады. Оныӊ сөзінше, Румыния және Болгариямен жасалған шарттар екіжақты болса, бұл құжат көпжақты болып табылады.

"Ирине, әрбір елмен жеке-жеке келісім жасағаннан гөрі, осындай көпжақты конвенцияларға қосылған тиімдірек. Бұл конвенцияныӊ қатысушылары - АҚШ, Канада, Мексика, Бразилия, Боливия, Венесуэла, Колумбия, Аргентина, Чили, Ямайка сияқты Америка құрылығыныӊ 26 мемлекеті. Яғни, бір құжат арқылы біз бір мезгілде осынша америкалық мемлекетпен қарым-қатынас орнатамыз. Келешекте бұл конвенцияға қатысушы елдердіӊ саны артатынын ескерсек, онда біз байланыс жасайтын елдердіӊ қатары да көбейе түседі", - деді Ж.Асанов.

Бас прокурордыӊ орынбасарыныӊ айтуынша, бұл конвенция кез келген мемлекет үшін ашық құжат, Еуропа кеӊесі сияқты оныӊ әрбір мүшесініӊ жеке келісімін алуды қажет етпейді.Конвенцияда құқықтық көмектіӊ түрлері, олардан бас тартудыӊ негіздері қарастырылған.

"Америкада сотталған азаматтардыӊ жазасыныӊ қалған бөлігін Қазақстанда өтеуге бола ма, жоқ па деген сауалдар қойылады. Бұл мәселе бүгін қаралып отырған шартпен реттелмейді. Ол сотталғандарды беру туралы басқа конвенцияда қаралған, оған қосылу мәселесі Мәжілістіӊ қарауына келесі аптада жалпы отырыста шығарылады деген болжам бар. Бұл шарт ратификациядан өтсе, онда Америкада сотталған азаматтарымызды елге қайтару жайлы біздіӊ сұрауымызды қарауға құқықтық негіз пайда болады", - деді Ж.Асанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны