15.04.2014, 20:28 3990

Сенат Қылмыстық кодекс жобасын қарауға кірісті

Атап айтқанда, Палата комитеттері мен Аппаратқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасы берілді. Бұл құжат бойынша Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті бас комитет болып белгіленді.

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте мақұлданған заң жобаларын бөлу туралы Сенат Бюросының қаулысына қол қойды.

Атап айтқанда, Палата комитеттері мен Аппаратқа Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасы берілді. Бұл құжат бойынша Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті бас комитет болып белгіленді. Бас комитетке Сенат комитеттерінің ұсыныстарын жинақтап қорыту және 2014 жылғы 26 мамырға дейін қорытынды әзірлеу тапсырылды, деп Палатаның баспасөз қызметінде хабарлады.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті сондай-ақ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына да бас комитет болып белгіленді.

Қаржы және бюджет комитеті заңнамаға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасына бас комитет болып белгіленді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны