23.09.2010, 15:01 4850

Сенат көлік мәселелері жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін ҚР Парламент Сенатының депутаттары жалпы отырыс барысында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 23 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламент Сенатының депутаттары жалпы отырыс барысында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенаттың экономикалық және аймақтық саясат жөніндегі комитетінің қорытындысында, аталған құжаттың мақсаты көлік қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін және тасымалдау үдерісін жетілдіру, көлік саласындағы құқықтық олқылықтарды жою және ұлттық көлік заңнамасын халықаралық құқықтық нормаларға сәйкестендіру болып табылатындығын атап көрсеткен.

Енгізілетін түзетулер халықаралық және қалааралық қатынаста автобустармен жолаушыларды тасымалдауға лицензия енгізуді қарастырып, жолаушыларды темір жолмен тасымалдауларды басқарудың жол жүру билеттерін сату бойынша автоматтандырылған жүйесіне пайдаланушылардың қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар заң жобасында ұлттық теңіз тасымалдаушысын айқындауға бағытталған нормалар қарастырылған.

Заң жобасымен Икімшілік заң бұзушылық туралы кодекске, Жер, Су, Экологиялық, Еңбек және Бюджеттік кодексетрге, сонымен қатар "Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы" кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Сондай-ақ заң жобасы тағы 13 заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны