16.10.2012, 14:57 2892

Сенат комитеті балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы заң жобасын талқылады

Конвенция балаларды ұрлаумен күрес, балаларды заңсыз алып кету немесе тартып алудан қорғау, балаларды тұрақты тұратын мемлекетіне жедел қайтару үшін бірыңғай рәсімдер қалыптастыру саласындағы Конвенцияға қатысушы басқа мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Гаагада 1980 жылғы қазанда қол қойылған Конвенцияға әлемнің 87 елі қатысады.

Астана. 16-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде "Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Конвенция балаларды ұрлаумен күрес, балаларды заңсыз алып кету немесе тартып алудан қорғау, балаларды тұрақты тұратын мемлекетіне жедел қайтару үшін бірыңғай рәсімдер қалыптастыру саласындағы Конвенцияға қатысушы басқа мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Гаагада 1980 жылғы қазанда қол қойылған Конвенцияға әлемнің 87 елі қатысады.

Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны