07.04.2015, 17:33 4143

Сенат комитетінде бірқатар халықаралық құжаттар қаралды

Парламент Сенатыныӊ Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ кеӊейтілген отырысында "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасыныӊ Үкіметі арасында төтенше жағдайлардыӊ алдын алу мен оны жою саласындағы бірлескен қимылдар туралы келісімді ратификациялау туралы" заӊыныӊ жобасы қаралды

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Парламент Сенатыныӊ Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ кеӊейтілген отырысында "Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасыныӊ Үкіметі арасында төтенше жағдайлардыӊ алдын алу мен оны жою саласындағы бірлескен қимылдар туралы келісімді ратификациялау туралы" заӊыныӊ жобасы қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Парламент Сенаты өкілдерініӊ хабарлауынша, келісімге 2014 жылдыӊ 28-ші мамырында төтенше жағдайлар орын алған жағдайда екі елдіӊ құзырлы органы өкілдеріне көмек беруді қамтамасыз ету мақсатындағы бірлескен қимылдарыныӊ құқықтық негіздерін қалау мақсатында қол қойылды, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Құжат 15 баптан тұрады және онда заӊды жүзеге асыру барысында қолданылатын терминдердіӊ анықтамалары, ынтымақтастықтыӊ ұстанымдары, келісімге қол қоюшы мемлекеттердіӊ уәкілетті органдары енгізілген. Сондай-ақ құжатта заӊныӊ күшіне енуі, оған түзетулер мен өзгерістер енгізу, оныӊ күшін жою сияқты мәселелер бойынша да нормалар көрініс тапқан.

Кеӊейтілген отырыста сонымен қатар, "Қазақстан Республикасыныӊ Үкімет імен Тәжікстан Республикасыныӊ Үкіметі арасындағы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу мен жою туралы келісімді ратификациялау туралы" заӊ жобасы қаралды. Құжаттыӊ мақсаты - Қазақстан мен Тәжікстанныӊ азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардыӊ алдын алу саласы бойынша ынтымақтастығыныӊ құқықтық негіздерін қалау болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны