23.12.2014, 20:55 3613

Сенат комитетінде бірқатар заӊ жобалары қаралды

Комитеттіӊ кеӊейтілген отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық ұланы туралы" заӊ жобасы.

Астана. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ кеӊейтілген отырысында "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеӊберінде құпия ақпаратты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заӊ жобасы қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Келісімніӊ мақсаты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясындағы ынтымақтастық кезінде құпия ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Келісім он жеті бапта мазмұндалған, құжатта оныӊ мақсаты мен іске асыру барысында қолданылатын терминдер мен анықтамалардыӊ мән-мағынасы берілген, құпия ақпаратты қорғау шаралары туралы ережелер және Келісімніӊ күшіне ену тәртібі көзделіп отыр.

Келісімге қатысушы тараптар үшін маӊыздылық дәрежесін ескере келгенде, онда құпия ақпараттарды қорғау шаралары, атап айтқанда, көшірме жасау, көбейту, жою және құпия ақпаратты беру мәселелері де реттелген.

Сондай-ақ Сенат депутаттарыныӊ назарына Қазақстан мен Изербайжан Үкіметтері арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заӊ жобасы да ұсынылды.

Келісімніӊ мән-мағынасы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және оларды жою, апат және басқа да ауыртпалық жағдайында ерікті түрде және өзара көмек көрсетуге мамандарды оқыту саласындағы екі елдіӊ құзыретті органдарыныӊ өзара іс-қимыл тәртібін белгілеу болып табылады.

Құжатта оны іске асыру барысында қолданылатын терминдер мен анықтамалары да беріліп отыр. Өзара іс-қимылдыӊ құзыретті органдары белгіленіп, тараптар ынтымақтастығыныӊ түрлеріне назар аударылды. Келісім аясындағы ынтымақтастық түрлері ақпарат және тәжірибе алмасу, бірлесе жоспарлау және басқа да сипатта болуы мүмкін.

Комитеттіӊ кеӊейтілген отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық ұланы туралы" заӊ жобасы және "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық ұланы, Қарулы Күштері және Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" ілеспе заӊ жобасы да қаралды.

"Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық ұланы туралы" заӊ жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланыныӊ қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық ұланы адамдардыӊ, қоғам мен мемлекеттіӊ қауіпсіздігін, адам мен азаматтардыӊ құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Заӊ жобасында Ұлттық ұланныӊ міндеті мен өкілеттігі, оныӊ құрамы мен қызметін ұйымдастыру нақты айқындалған. Ұлттық ұланныӊ Бас қолбасшылығы жедел стратегиялық орган ретінде жауынгерлік және жұмылдыруға әзірлік шараларын ұйымдастырады және жүзеге асырады, басқа әскерлермен және әскери құрылымдармен өзара іс-қимылды іске асырып, нормативтік ережелер әзірлейді және бекітеді.

"Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық ұланы туралы" заӊ жобасыныӊ ережелері мен бірқатар заӊнамалық актілердіӊ жекелеген ережелерін сәйкестендіру мақсатында ілеспе заӊ жобасында түзетулер көзделіп отыр.

Заӊ жобалары Палатаныӊ қарауына жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны