11.12.2008, 10:32 1557

Сенат комитетінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды

Сенат комитетінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде кеше "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойын бизнесін мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген заң жобасы осы саладағы заңнамалардың орындалуын мемлекеттік бақылау түрлерін толықтыруға, ойын бизнесін ұйымдастырушылар қызметін тәртіпке келтіру және заңды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге орай құқықтық олқылықтарды реттеуге мүмкіндік береді.

Түзетулер аясында құмар ойындар өткізуге байланысты талаптар нақтыланып, "ойын мекемесін ұйымдастырушы" ұғымы "ойын бизнесін ұйымдастырушы" деп белгіленді, жаңадан "өтініш беруші", "ставка", "электронды касса" ұғымдары енгізілетін болды.

Жаңа мәтінде "ойын автоматы", "тотализатор кассасы немесе букмекер кеңсесі", "ұтыс" ұғымдары беріліп отыр. Заң жобасымен Азаматтық кодекс пен Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, "Жеке кәсіпкерлік туралы" және "Ойын бизнесі туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Заң жобасы палатада бірінші оқылымда қарауға ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны